КІТАПХАНА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат , бір мүдде, бір болашақ » / Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы /

image

Кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арналған 3-бөлімнен тұратын тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1-бөлім: Жер бетінде мәңгі тұр, Қазақ елі! Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ел идеологиясының темірқазығындай етіп алған «Мәңгілік Ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұлттық ұлы ұранға айналуы тиіс. Жолдаудың барлық тараулары мемлекеттің мығым мүмкіншілігін айқын көрсетіп,нысана еткен нақты жетістікке апарар түзу жолды нұсқап отыр.

2-бөлім:Жолдау-жаңа міндет, жоғары жауапкершілік Жолдауда Елбасы болашаққа бағдар жасай отырып, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстардың ұзақмерзімді басымдықтарын белгіледі.Осы сияқты маңызды бағыттарды баяндайтын құжаттар осы бөлімде орналасты.

3-бөлім:Мәңгілік Қазақстан жобасы – жаңа дәуірдің кемел келбеті. Серпінді өркендеудің басты темірқазығы - инновация , ғылыми қамтымды экономика, агроөнеркәсіптік кешен, энергетикалық және көліктік салалардағы инфроқұрылымды дамыту туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқының алдына үлкен міндеттер қойды. Бұл бөлімде бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланған Жолдау мазмұны қамтылған. Көрменің негізгі мақсаты Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының бағыттарымен таныстыру..

«Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

атты кітап көрмесімен танысуға барша азаматтарды шақырамыз.