Кітапхана тарихы

Университет кітапханасы университет алғаш ашылған 1998 жылдан бастап бір уақытта ұйымдастырылған. Яғни, ол университеттің оқу жүйесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында кітапхананың маңызының зор екендігін көрсетеді.
Университет кітапханасы бүгінгі таңда университеттің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде оқу-тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші білім беру орталығы болып саналады.
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір.
Университеттің кітапхана қызметін 2007 жылдан бері Тоқсанбаева Дамира Несіпбайқызы басқарады.
Университет кітапханасының кітап қорының негізін, Халықаралық қазақ-түрік университетінен берілген 2500 мың оқулық құрады. Бүгінгі таңда кітапхананың жалпы кітап қоры – 368220 мың. Жыл сайын университет басшылығы кітапхана қорын жаңа оқулықтармен толықтыру мақсатында 2-3500000млн теңге қаржы бөліп отырады.

Кітапханада ғылыми, методикалық-әдістемелер, оқытушы-профессорлар жұмыстарынан бөлек оқытушылар мен студенттердің бос уақытында оқитын қазақ және орыс тілдеріндегі әдеби кітаптар қоры бар.

Студенттер мен оқытушы профессорлар құрамы университеттің жеке кітапхана қорымен қатар университет ұзақ мерзімді келісім – шартқа отырған Шымкент қаласының жалпы қоры 1817891 дананы құрайтын Ғылыми-техникалық және 440000мың қоры бар Шымкет қаласының орталықтандырылған Абай атындағы кітапханалар қорымен де еркін пайдалана алады.

Сонымен қатар, «М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті», арасындағы жоғары білім және ғылыми аясында ынтымақтастық туралы КОНСОРЦИУМДЫҚ КЕЛІСІМ бойынша, сәйкес аталмыш оқу орынымен кітапханалық қорды бірлесіп пайдаланады.